FracJet
«Фрак Джет» ЖШС — 2002 жылы Құмкөл кен орнында Turgai Petroleum тапсырысы бойынша құрылған Қызылордадағы мұнай сервистік компания. Компания ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндейді, колтюбинг операцияларын, қабатты гидравликалық жаруды (ГРП), азот компрессорлық қондырғылары қызметтерін және қышқылмен өңдеуді жүзеге асырады; Қазақстанмен қатар Ресейде де жұмыс істейді.